Жаңалықтар

БҚО-да ер адамды оқ атып жарақаттаған тұрғын ұсталды

БҚО-да ер адамды оқ атып жарақаттаған тұрғын ұсталды
Фото: Polisia.kz 20.02.2024 08:23 949

БҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 ақпан күні болды. 

«Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға