Жаңалықтар

БҚО-да екі адамды жылан шақты

БҚО-да екі адамды жылан шақты
Фото: © Pixabay.com 24.07.2023 10:00 1470

БҚО-дағы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жыл басынан бері екі адам ауруханаға жылан шақты деген шағыммен жүгінген. Бірақ оларда асқыну болмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері жылан шыққанда жедел жәрдем келгенге дейін қандай көмек көрсету керектігін де айтты.

Оқи отырыңыз:

Зардап шеккен адамды көлденең күйде жатқызып, тыныштандыру керек. Жылан шаққан жерден қан айналымының бұзылуына және ісінудің нашарлауына әсер ететін киім мен зергерлік бұйымдарды алып тастаңыз.

Егер шаққан жыланның улы екендігі белгілі болса, онда алғашқы көмек көрсету шаралары дереу жүргізіле бастайды. Тістеген жерді жгутпен немесе басқа қолыңызда бар құралдармен жоғары тартып байлап, жақын жердегі медициналық пунктке шұғыл түрде хабарласу керек, - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға