Жаңалықтар

БҚО-да бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

БҚО-да бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com 18.11.2024 13:57 628

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілініп, тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған.

Ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Ауыр дене жарақатынан олардың бірі ауруханада көз жұмды, – деп хабарлады БҚО прокуратурасы.

Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстаған. Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер болып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға