Жаңалықтар

БҚО-да «Біз таза ел үшін» атты қоқыс жинаудан жарыс өтті

БҚО-да «Біз таза ел үшін» атты қоқыс жинаудан жарыс өтті
Фото: БҚО әкімдігі 12.06.2024 12:06 566

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оралда экологиялық акция аясында облыс жастарының бастамасымен «Біз таза ел үшін» қоқыс жинап жарысу шарасы өтті. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятудың нағыз үлгісін көрсетті.

Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және кеңінен насихаттау. Бүгін 200 қап қоқыс жиналды. 200-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде қаламызды қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты. Жалпы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отыр, - дейді облыстық Жастар рухының төрағасы  Архат Исламғали.

Облыс жастары орталық базар аумағын таңдап, бастамашылдық жасады,  өйткені олардың пікірінше, бұл учаске қаладағы ең ластанған аумақ болып саналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.    

Сәуір айы бойынша ұйымдастырылған санитарлық тазалық айлығына 12944 тұрғын, 3321 мекемелер мен кәсіпорындар қатысты, 231 парктер мен сверлер жиналды, 44 мыңнан астам әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды, 1221 әлеуметтік, 3307 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысандарға, 525 тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық айлыққа 1134 техника жұмылдырылып, 49102 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық айлығы аясындағы абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға