БҚО-да әйелін ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткерге сот үкім шығарды
Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
22.05.2024 11:32
1019
Батыс Қазақстан облысында 48 жыл отасқан әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген зейнеткерге қатысты сот үкім кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 73 жастағы ер адам әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Ззейнеткер алдымен жұбайын пәтерде ұрып, артынан баумен тұншықтырған, сосын қолымен тұншықтырып өлтірген.
Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін және жасалған қылмысты мойындайтынын айтты. Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен