БҚО-да әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың есімдері белгілі болды
Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Андосов Сиязбек Шажалиұлы – аға бортмеханик-нұсқаушы;
Қанатов Дәулетбай Сабирбайұлы – әуе кемесінің командирі;
Досқалиев Жәрдем Қуанышқалиұлы – жетекші инженер;
Афанасьев Владимир Константинович – екінші пилот.
«Қазақстан ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылы 23 ақпанда БҚО болған әуе апатынан қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деді Руслан Иманқұлов.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.
Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Кейін апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккені анықталды.