БҚО-да ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
21.01.2025 21:12
219
Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақта көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, деп жазылған "ҚазАвтоЖол" таратқан ақпаратта.
Жол қозғалысы 22 қаңтарда күндізгі сағат 12:00-де ашылады деп жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадан бір күн ішінде 55 мың текше метр қар шығарылды