БҚО-да әкімшілік ғимараты өртенді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.10.2024 14:10
821
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, қызыл жалын алаңы - 300 шаршы метр.
Оқиға қазанның 4-інен 5-сіне қараған түні болған.
Ғимарат металл қаңқалы материал, минералды вата мен пішінделген төсемнен жасалынғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Қызыл жалын толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
