Жаңалықтар

БҚО-да әкім жиналысына кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

БҚО-да әкім жиналысына кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр
Фото: "Мой город" телеграм каналы 22.04.2024 15:00 3145

Батыс Қазақстан облысында үш күннен бері із-түссіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Александр Бекмачев 19 сәуірде сағат 17:00-де Бәйтерек ауданының Жаңатан ауылындағы үйінен «әкім жиналысына қатысамын» деп шығып кеткен. Одан кейін табиғат аясында демалуға барып, көрші Щапово ауылында болған.

Үстінде сұр-көк түсті спорттық костюм мен спорттық аяқ киім болған.  Әпкесінің айтуынша, бауырымен бірге болған адамдар оның қайда кеткенін білмейтінін жеткізген. 

Қазіргі уақытта оны полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жастағы ер адамды іздестіріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға