БҚО-да 7 млн балық шабағы құтқарылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
11.08.2024 12:43
486
Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығына қатысты есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ КРХ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы «Әліп» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылындағы Жайық өзенінің жайылма суларынан 7 млн 800 мың дана балық шабақтарын құтқарып, Ақжайық ауданындағы Солянка өзеніне тірі күйінде жіберді.
Балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
