Жаңалықтар

БҚО-да 30 киіктің өлексесі табылды

БҚО-да 30 киіктің өлексесі табылды
Фото: Видеодан алынған кадр 09.04.2025 09:06 386

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай су қоймасынан 30 киіктің өлексесі табылды. Қыстан әлсіреп шыққан ақбөкендер терең судан өте алмай, батып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының мамандары мен резерват қызметкерлері барып, акт толтырып, өлекселер көмілді. Бөкендердің аурудан өлмегені, атылмағаны анықталды.

Жалпы, жыл басынан бері 290 бас киік жойылған. Былтырғы ресми дерек бойынша, облыста 2 млн 300 мың киік бар. Осы айдың ортасында санақ жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға