БҚО-да 2 300 адам эвакуациялық пунктерге орналастырылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
21.04.2024 20:27
836
Батыс Қазақстан облысында 2 300 адам эвакуациялық пунктерге орналастырылды. Оның 985-і балалар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал су басқан саяжай учаскелерден ТЖМ және жұмылдырылған күштермен алдын ала 1376 адам эвакуацияланған. Олардың 1497-сі уақытша орналастыру пунктеріне, қалған азаматтар туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Бөлісу:
