БҚО әкімі су тасқыны кезінде көмекке келген құтқарушылар мен әскерилерге алғыс айтты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
28.04.2024 16:05
1102
Батыс Қазақстан облысының әкімі өңір елдімекендерін су тасқынынан қорғау үшін көмекке келген әскерилер мен құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев және вице-министр Ерлан Нұрпейісов төтенше жағдайларды жоюға қатысқан құтқарушыларға салтанатты түрде алғысын білдірді.
Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысының елдімекендерін су тасқынынан қорғау үшін еліміздің 14 өңірінен 2 мыңнан аса күштер мен құралдар тартылған болатын. Бірлесіп қабылданған шаралар арқасында 84 елді мекен суға кеткен жоқ.
Бөлісу:
