Жаңалықтар

Бозымбаев Ақордадағы қызметін неліктен Үкіметке ауыстырғанын түсіндірді

Бозымбаев Ақордадағы қызметін неліктен Үкіметке ауыстырғанын түсіндірді
Фото: primeminister.kz 25.06.2024 12:51 541

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметке не үшін тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
БАҚ өкілдері: «Ақордадан биылғы болған табиғи апат су тасқынымен елді, халықты баспанамен қамту мәселесін шешу үшін жіберілгеніңіз рас па?» деп сұрады.
 
Аталған сауалға қатысты Бозымбаев «Ең басты мақсат осы болған шығар» деп жауабын қысқа қайырды.

 «Басты мақсат – үкіметімізге қол ұшын беріп, тәжірибе жинақтап, тиісті әкімшіліктерге көмек көрсету», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Осы ретте тілші: «Келесі жылы қазақстандықтар үйінен айырылып, тағы да су тасқыны болмай ма? Сіз осы мәселені шеше аласыз ба? Шеше алмасаңыз келесі жылы «шеше алмадым, мен отставкаға кетемін» деп өз еркіңізбен қызметіңізді босатуға дайынсыз ба?» деді.

Менің бұл ретте тәжірибем бар ғой. Отставкаға күнделікті кетуге дайынмын. Қазіргі таңда баспанасыз қалған адамдарды үймен қамтамасыз етеміз деп бар күш.-жігерімізді салып жатырмыз. Осындай апаттың салдарын алдын ала болжау жүйесін жасауды басты назарға алып отырмыз. Биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, оның бәрін жасасақ, осындай су тасқыны кезінде шығындар төмендеу болады, – деді Бозымбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға