«Бозоқ» музей-қорығы ұлттық дәстүр мен ғұрып фестивальін өткізеді

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этнографиялық фестиваль өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бозоқ аруының көрікті шашбауы» іс-шарасы ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі саналатын және тағылымы терең қазақ әшекей бұйымдарына арналған. Шара 31 шілде күні сағат 11:00-де басталады.
Қонақтарға ежелгі салт-дәстүрлердің бірі «Шолпы тағу» көрсетіледі. Сондай-ақ, фестиваль аясында белгілі ғылым, мәдениет және қоғам қайраткерлері ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған рәсімдерді өткізеді.
«Бозоқ» – Орталық Қазақстандағы алғашқы ауқымды зерттелген ортағасырлық отырықшы ескерткіш. Музей-қорықтың ежелгі қалашығы – бүгінгі Астананың мыңжыл бұрынғы орны. Қазіргі таңда музей қорында 1242 экспонат бар.
