Жаңалықтар

Бояу эволюциясы

Астанада жол және навигациялық белгілерді бояуға арналған сәулелендіру материалдарын өндіретін стартап-жобаларының тұсаукесері өтті.
19.11.2014 14:38 6226

«АстанаЛюм» ЖШС мамандары Қазақстанда инновациялық технологиялар арқылы жасалған арнайы бояу жағылған алғашқы тәжірибелік үлгілерін көрсетті. Есте қаларлығы, жоба технологиялық бизнес-инкубациялау (ТБИ) бағдарламасы аясында қалалық әкімдік және «Astana Innovations» АҚ қолдауына ие болды.

Бояу эволюциясы

Астана ғалымдары сәулелендіру материалдарын өндірудің өз тәсілін тапты

Ол 2012 жылы ТБИ бағдарламасы бойынша Сараптау кеңесінің іріктеп алған жобаларының алғашқыларының бірі болды. Конкурсқа өтінімді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің ≪Технологияларды коммерциялау≫ жобасы шеңберінде құрылған ≪Сәулелендіру материалдарын зерттеу орталығының≫ мамандары берді. Шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен қарулана отырып, шайырды және оның негізіндегі сәулелендіру пигменттерін алудың өз инновациялық әдіс-тәсілін зерттеді, ол улы формальдегидтің лақтырындысын айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға және кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіздігінен басқа бұл технология едәуір қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді: өйткені отандық өнімнің өз құны батыс баламаларына қарағанда айтарлықтай төмен.

≪АстанаЛюм≫ мамандарының айтуынша, жобаны жүзеге асырудың соңғы нәтижесі отандық шикізат негізіндегі жаңа сәулелендіру композициялық полимер материалдарын өндірудің жұмыс технологиялық сызбасын зерттеу мен енгізу болмақ. Келешекте тәжірибелік өндірісті іске қосу және дайын өнімді жол және навигациялық белгілер орнатылып, белгілер сызылатын Астананың арнайы ≪пилотты аймағында≫ тестілеу жоспарланып отыр. Жобада өндіруші барлық жағдайларды, оның ішінде келешек өндірістің барлық қауіпсіздік мәселелерін ескерді. Зауыттағы зиянды ұшпа заттар шоғырлануының тұрақты мониторингін жүргізу, тазалау құрылыстарын орнату, табиғатты қорғау заңнамасына сәйкестігіне үздіксіз зертханалық тестілеу жүргізу, қызметкерлерді тұрақты медициналық тексеруден өткізу көзделеді.

Бояу эволюциясы

Алайда осының барлығы алдағы уақытта болады. Әзірге ≪АстанаЛюм≫ ЖШС-ның мамандары экструдер, басқару блогы, баспа-нысаны, суытатын біліктер блогы және пленка орағышы бар Microtruder #RCP-0625 құралдың көмегімен сәулеленетін полимерлі пленканы алу үдерісін паш ете отырып, құрал-жабдығы қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Аппарат жұмысынан басқа тұсаукесерге қатысушылар сәуле шашатын қабаты бар жол белгісін соған ұқсас, бірақ сәуле шашпайтын баламасымен салыстыра отырып, нәтижесінде шыққан өнімнің сапасын бағалай алды. Нәтижесі көзге көрінерліктей болды. Жуық арада ≪АстанаЛюм≫ компаниясының өнімі елдің жолдарында қолданыс табуы мүмкін.

Қызықты фактілер

Флуоресценцияны (сәулелену) 1852 жылы ағылшын физигі, Лондон корольдік қоғамының мүшесі Джордж Габриель Стокс ашты. Бұл қоздырғыштың тоқтауынан кейін сәуле шашудың лезде басылуымен сипатталатын сәулелендіру түрлерінің бірі. Басқа сөзбен айтқанда, сәулелену материалдары жарық энергиясын жинақтамай, ультракүлгін сәулелердің түсуіне әсер етіп, қараңғыда жарық шашады. Сәулелендіру қазіргі заманның ғылым мен техникасында кеңінен қолданылады. Биохимия мен дискотекалардың, төбелер мен ғимараттардың қасбеттерінің сәуле-жарық шашатын дизайнын жасауда қолданады. Оларды мәтінге назар аударту үшін, түрлі-түсті этикеткаларды, жарнама проспектілерін, баннерлер мен буклеттер жасауда пайдаланады.

Бояу эволюциясы

Қарапайым жарықта көзге көрінбейтін сәулелендіру бояулары мен сиялары (түссіз сиялар) құжаттарды, тауарлар мен әртүрлі бұйымдарды қорғау деңгейін арттыру үшін қолданылады. Осылайша, қағаздағы кішкентай жарық шашатын дақтар қосымша қорғаныс дәрежесі болып табылады. Ақ футболкалар мен жазу қағазын ағарта түсетін арнайы сәулелендіру белгілері бар. Оқырман мұны өзі-ақ тексере алады – солярийде немесе түнгі клубта болатын УК-лампасының астына қойып қарағанда, ондай мата немесе қағаз көгілдір сәуле шашып тұрады. Сәулелендіру бояуының жарық шашу қасиеті ежелгі кезден бері белгілі. Африка тайпалары күн батарда өз денелерін арнайы табиғи сәулелендіру бояуымен бояп, салттық билерін билейтін болған. Бұл бағыттың интерьердің қазіргі заман дизайнында дамуы адамдардың күн жарығын ұзартуға деген ұмтылысымен сипатталады.

Күн жарығының тапшылығы сезілетін елдерде бұл дизейнерлік жаңалық ең көп дамығанына таңқалуға болмайды. Одан басқа, бұл шығармашылық құрамдас бөлігін сындарлылық құрбандығына айналдырмай-ақ, инсоляцияны (үй-жайдың жарықтандырылуын) арттыру міндетін шығындарсыз жүзеге асырудың жалғыз жолы. Түрлі-түсті жарық шашатын бояу қара сәулелендіргіш бояумен үйлесімділікте сәулелендіру көркем өнерінде жұмыс істейтін молекулярлық биологияда сәулелендіру зондтары биологиялық жүйелерді, атап айтқанда адамдар мен жануарлардың ағзаларын үлкен дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдары баяғыдан бері қағаз ақшаларға арнайы белгілерді қою үшін сәулелендіру қоспаларын қолданады. Гидрологтар мен геологтар сәулелендіру материалдарын жерасты суларын зерттеуде қолданады. Ал теңіз құтқарушылары су бетіне сәулелендіру бояуын шашып, бұлыңғыр күні үстінен жақсы көрінетін апатқа ұшыраған адамдарды тез таба алады.

Бояу мен сәулелендіру материалдарын пәтер интерьерінің, кеңселердің, клубтардың, мейрамханалардың, боулингтердің, суретшілер мен көркемдеушілер қиялына шексіз әрекет өрісін аша отырып, тамаша көркемдік эффектісін құрайды. Бұл материалдар киноиндустрияда және шоу-бизнесте де өз қолданысын тапты. Люминесценттік кинотүсірілім, жарық шашатын көзге көрінетін және көрінбейтін бояуларды пайдалана отырып кино түсіру кинофильм өндірісінде негізінен кеңістікте ≪қалықтап тұрған≫ объектілердің суреттері бар кадрларды, мысалы, декорациялық ≪ғарыш объектілері≫, зымырандар, ұшақтар және т.б. алу үшін қолданылады. Нидерландыда бұл тақырыпқа 15 жыл бұрын келген болатын, Амстердамның тұйық көшелерінің бірінде толығымен сәулелендіру саласына арналған әлемдегі жалғыз мұражай – Electric Ladyland ашылған. Мұражай осы өнерге берілген америкалық Ник Падалиноның бастамасы бойынша құрылған және ол оның жалғыз иесі, кураторы әрі гиді болып табылады. Сондай-ақ көзге көрінетін және көрінбейтін жарық шашатын бояулар театрландырылған қойылымдарда, әртүрлі инсталляцияларда, перформанстарда, боди-арт шоу және концерттерде қолданылады.

Қылмыскерлерді ұстауға көмектесетін сәулелендіргіш зат болады. Қан дақтарымен әрекетке түскен люминол, тіпті оны бар ынтамен жуса да, жарық шаша бастайды және қылмыс орнында не болғанын түсінуге көмектеседі. Осындай түрлі қолданылу аясына қарамастан, Қазақстанда әлі күнге сәулелендіргіш бояулар және олардың негізі болып табылатын арнайы шайыр шығаратын толық цикл жоқ екенін атап өту керек. Алайда өнім ішкі нарықта сұранысқа ие: оны дабыл және жол белгілерін бояуда (қараңғыда жақсы көріну үшін), плакаттарда, стендтерде, витриналарда және жарнама баннерлерінде, теміржол вагондарын, ұшақтарды, ірі габаритті жүк машиналарын таңбалауда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықта – жарық қосқыштар мен құлыптарды белгілеуде, сондай-ақ жол белгілерін салуда пайдаланады.

Бояуларды дайындау үшін алынатын шайырлар сондай-ақ ағаш-жаңқалы плиталарды (ДСП), фанерлер мен ламинаттарды өндіруде қолданылады. Люминесценттік материалдарды қолдану аясы – бұл жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысына қатысушылардың назарын жоғары қауіп төндіру көздеріне және жолда жұмыс істеп жүрген адамдарға аудару. Бүгінгі таңда ғалымдар термопластикалық, сондай-ақ термореактивті меламин-сульфонамид-формальдегидті шайырларды және олардың негізіндегі сәулелендіру пигменттерін алудың тәсілін зерттеу туралы айтуда, бұл ретте, улы формальдегид лақтырындыларының едәуір кемуі қамтамасыз етіледі. Астана ғалымдары сәуле шашатын материалдарды өндірудің өз бірегей тәсілін тапқан көрінеді. Таяу келешекте бұл үдерісті жаппай шығарылымға қойған кезде, біздің жолдарда made in Kazahstan белгісі бар сәулелендіргіш материалдары тұратын болады.

 

Жұлдыз Сейсенбекова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға