Бостанда шеру кезінде атыс болды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
27.08.2023 07:24
1114
Бостонда Кариб мәдениетіне арналған шеру кезінде атыс болып, салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CNN телеарнасының мәліметінше, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген, дегенмен олар жеңіл-желпі ғана жарақаттанған. Полиция қызметкерлері бірнеше адамды ұстап, олардан қаруды тәркілеген.
Бұл күндері Бостонда Кариб мәдениетіне арналған жыл сайынғы екі шеру өтіп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
27 тамызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды