Бортында 3 мың көлік болған кеме өртке оранды
Өртке электромобиль батареясында тұтығу себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Амеланд аралының Солтүстік теңізінде бортында 3000 көлік бар жүк кемесінен өрт шықты.
Оқыс оқиға салдарынан экипаждың бір мүшесі көз жұмып, 22 адам зардап шекті.
Оқи отырыңыз:
- Қытайда пара алған жоғары лауазымды шенеунік өлім жазасына кесілді
- Екібастұзда 4 автогаз құю бекетінен өрт шығып, бір адам көз жұмды
Freemantle Highway кемесі Германиядан Мысырдың Порт-Саид қаласына бет алған. Дегенмен Амеландтан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша, электромобильдердің бірінің батареясы тұтанып, ол өртке ұласқан. Кеме құрғақ жерге жеткізілді.
Мамандар кеме әлі бірнеше күн жануы мүмкін деп болжап отыр.
Экипаж мүшелері қызыл жалынның алдын алмақ болған, дегенмен өрт бой бермеген. Кейбіреулері 30 метр биіктен секіруге мәжбүр болған.