Боранға байланысты 300-ден астам адам пойызбен қауіпсіз жерге жеткізілді

Ауа райының күрт бұзылуы еліміздің бірқатар аймақтарында автомобиль жолдарының ішінара жабылды. Осыған байланысты бірнеше жүздеген адам діттеген жеріне жете алмай қалды, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі.
Боранға байланысты жолаушылар пойызы көліктің жалғыз қауіпсіз және сенімді түріне айналып отыр.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары 300-ден астам жолаушыны Ерейментау, Бурабай, Ақкөл, Шортанды станцияларынан жедел тасымалдауды қамтамасыз етті. Жалпы ұлттық тасымалдаушы пойыздарда 700-ден астам қосымша орын ұйымдастырды.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және мүмкіндігінше қажетсіз сапарлардан аулақ болуға шақырады,-делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
