Жаңалықтар

Боранды күні жолда қалып қойған 40 жолаушы құтқарылды

Боранды күні жолда қалып қойған 40 жолаушы құтқарылды
Фото: Видеодан кадр 10.03.2025 19:03 226

Құтқарушылардың 112 пультіне Қарағанды облысындағы рейстік автобус жүргізушісінен хабарлама келіп түскен. Айтуынша, жолаушылар автобусы Осакаровка ауданында қар үйіндісі астында қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі. 

Жүргізуші ауа райының қолайсыздығынан қозғалысты жалғастыра алмаған.

Шақыру орнына дереу жоғары өтімді арнайы техника жолға шыққан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ішінде 40 жолаушы Осакаровка кентінің теміржол вокзалына жеткізілді. Олардың біреуі кәмелет жасына толмаған бала. 

ТЖМ автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға