Боран, тұман, көктайғақ: 3 ақпанда ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз Аягоз ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягоз ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде -12-14 °C, күндіз -6-8 °C.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде ауа райы -3-5 °C, түндiз 0,-2 °C.
Алматы облысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус қатты аяз. Алматыда 3 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта 3 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде -7-9 °C, күндіз -4-6 °C.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман сақталады. Түнде -5-7 °C, күндіз -2-4 °C.
Атырау облысының батысында, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырауда 3 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде -3 -5 °C, күндіз +1 +3 °C.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда 3 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде -1-3 °C, күндіз -1+1 °C.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 3 ақпанда тұман күтіледі. Түнде -3-5 °C, күндіз -1-3 °C.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде -12-14 °C, күндіз -5-7 °C.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде -7-9 °C, күндіз -1-3 °C.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағандыда 3 ақпанда кей кақыттарда тұман күтіледі. Түнде -13-15 °C, күндіз -3-5 °C.
Қостанай облысының шығысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде -5-7 °C, күндіз -1-3 °C.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада 3 ақпанда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Түнде -9-11 °C, күндіз 0, -2 °C.
Павлодар облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда 3 ақпанда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде -13-15 °C, күндіз -2-4 °C.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкентте 03 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 3 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде -3-5 °C, күндіз +4+6 °C.
Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда 3 ақпанда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде 0,+2 °C, күндіз +5+7 °C.
Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде -17-19 °C, күндіз -6-8 °C.