Боран, көктайғақ: Үш облыста жол жабылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдарының 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысында «Ұшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.; Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Ақмола облысынла «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында «Екатеринбург - Алматы».1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км. Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта , республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.
