Жаңалықтар

Болжам. Тамыз да құрғақшылықпен өтуі мүмкін

Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Қарақия аудандарында бұрынғыша құрғақшылық болжанып отыр.
Болжам. Тамыз да құрғақшылықпен өтуі мүмкін
09.08.2022 07:38 949

Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылықтың соңғы болжамын шығарды, деп хабарлайды EL.KZ.

Нақты агрометеорологиялық жағдайлар мен ұзақ мерзімді ауа райы болжамын ескере отырып, 2022 жылғы тамызға арналған құрғақшылық болжамы түзетіліп, нақтыланды.

Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Қарақия аудандарында бұрынғыша құрғақшылық болжанып отыр.

Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында және Қостанай облысының Арқалық қаласында жауын-шашын тапшылығы күтілуде.

Ақтөбе облысының Мәртөк және Қобда аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Ақмола облысының Ерейментау ауданында ылғалданудың оңтайлы жағдайлары болжануда.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Мүсірепов ауданында және Степногорск мен Ақтөбе маңында есептеулер бойынша өте ылғалды болады. Республиканың қалған аумағында ылғалдандыру шарттары, негізінен нормаға жақын болады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға