Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды
![Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні айтылды](/storage/storage/element/2023/11/13/mainphoto/76488/1200xauto_lPYqUcHy723XyEPepga0H0XZDUFdmfL0kxKtAVhD.jpg)
Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайда жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінді.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.
Айта кетейік, бүгін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)