Жаңалықтар

Болат Мажағұловтың 10 жыл жасырған құпиясы жария болды

Болат Мажағұловтың 10 жыл жасырған құпиясы жария болды
Фото: коллаж El.kz 24.01.2025 14:50 304
 

Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың туысы Ұлпан Бегалиева оның 10 жыл бойы жасырған тоқалы мен некесіз балалары бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша, мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ісі қаралып жатыр. Сонымен қатар, оған туыстарының да айтары бар екен.

Өзінің instagram парақшасында Мажағұловтың туысымын деген Ұлпан Бегалиева айыпталушы Болат Мажағұловтың екінші отбасы туралы бар шындықпен бөлісіп, оған деген өз наразылығын білдірді. Ол өз постында жарқын келбетті қыздың бірнеше фотосын жариялап, астына былай деп жазды:

Бірінші және екінші суретте (сотта және инстаграм парақшасында) – айыпталушы Болат Бауржанұлы Мажағұловтың көңілдесі, отбасының шырқын бұзушы, арсыздықтың өлшемі, өмірде ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді ұнататын Анар Жашубаева (@anar_kudaybergen), - деп жазды ол.

Ұлпан Бегалина Мажағұловтың инстаграмдағы кәсіби түрде дайындалған және жақсы өңделген жазбаларына жауап ретінде бұл туралы жариялауға мәжбүр болғанын айтты:

Болат Мажағұлов заңды некеден туған қызы тәй-тәй басқан кезде көңілдесі Анар Жашубаевамен (@anar_kudaibergen) қарым-қатынас орнатқаны былай тұрсын, некесіз сәби сүйген уақыт еді.

Мажағұловтың туысының айтуынша, экс-мәдениет басқармасының басшысы тоқалын 10 жыл бойы жасырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға