Жаңалықтар

Болат Ақшолақов Степногорск қаласының энергокешеніне барды

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді
Болат Ақшолақов Степногорск қаласының энергокешеніне барды
Фото: ҚР ЭМ 08.01.2023 17:55 998

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Степногорск қаласының энергокешеніне барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ЖЭО басшылығы министрді объектідегі ағымдағы жағдай, резервтік жабдықтар мен отын қорларының болуы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ «Степногор жылу транзиті» ЖШС-ның басшылығы жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы хабарлады.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың және Министрлік пен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшылығының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде өзекті мәселелер қаралды.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов «Престиж» газетінің тілшісі Виктор Молодовскиймен және Степногорск қаласының блогері Артем Сочневпен кездесу өткізіп, жұртшылық көтерген өзекті сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға