Жаңалықтар

Болашақта журналистика қандай болады және Қытай неліктен жұмыс күнін қысқартуға ниетті: аптадағы әлем жаңалықтарына шолу

Болашақта журналистика қандай болады және Қытай неліктен жұмыс күнін қысқартуға ниетті: аптадағы әлем жаңалықтарына шолу
Фото: celes.club 12.03.2023 11:00 1940

Шетелдік БАҚ-тың ең көп талқыланған тақырыптарын El.kz АА апталық жаңалықтар шолуынан оқыңыз.

«Жасанды интеллект журналистиканы бұрын-соңды болмағандай жақсарта алады немесе оны алмастыруы мүмкін» - Bild, Die Welt (РФ-да бұғатталған), Politico және өзге де ондаған танымал басылым қарамағына қарайтын Аxel Springer баспа үйінің басшысы корпоративтік хабарламасында осындай болжам жасады.

The Guardian Матиас Допфнер қызметкерлерін жақын арада машиналар «ақпаратты адамдардан жақсы біріктіретінін», «ақпараттық революцияны» бірегей контент жасайтын басылымдар ғана жеңіп шығатынын, ал журналистің міндеті оқиғаның «шынайы уәжін» табу болып қалатындығын ескерткендігі туралы жазды.

Австралиядағы исламофобияның ең белсенді идеологы исламды қабылдады  

Шермон Берджесс 2010 жылдан бері Австралиядағы құқықтық-радикалдық саяси күштердің алдыңғы шебінде жүрген еді, ультрақұқықтық топтардың бірін басқарып, мұсылмандарға деген өшпенділікті насихаттады, деп хабарлайды islamnews.ru.

Бұрын оның әлеуметтік желідегі парақшасы «Ұлы австралиялық патриот» деп аталатын.  

Әзірбайжанда журналистік этика ережелерін қатаңдатады – ақпараттың дереккөзін жариялағаны үшін айыппұл салынады

Trend басылымы бұл мәселе Милли Мәжіліс отырысында талқыланған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске түзетулерде көрініс тапқандығын мәлім етті.

Қытайда депутаттар бала туу көрсеткішін арттыру үшін жастарға күніне сегіз сағаттан артық жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды

Қытай депутаттары елдегі халық санының қысқаруымен күресу үшін жастарға арналған жұмыс күнінің ұзақтығына шектеу қойып, оларға күніне сегіз сағаттан артық жұмыс істеуг тыйым салу керектігін ұсынды, деп жазады  Financial Times

Депутаттардың пікірінше, осылайша, жастардың «жақсы көріп, ұрпақ өрбітуге» уақыттары көбірек болады. Бұл ұсынысты Халықтық саяси консультациялық кеңестудің Жалпықытай комитетінің жыл сайынғы сессиясы мен Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысына талқылауға енгізді.

БҰҰ-ның Бас хатшысы цифрлық алшақтықты қысқартуға шақырды

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш гендерлік теңдіктің алға жылжуы үшін цифрлық алшақтықты қысқарту бойынша әрекеттерді қолға алуға шақырды, деп жазады Синьхуа.

Біз әйелдер мен қыздарды интернеттен тыс кезде бетін қайтаратын кедергілерді бұзуымыз керек, - делінген Гутерриштің БҰҰ-ның Халықаралық әйелдер күніне арналған арнайы іс-шарасында Кортни Рэттри кеңсесінің басшысы таратқан хабарламасында.

«Қазақстан шетелдік инвестицияның аймақтық хабына айналып келеді» - Emerging-Europe басылымында осындай тақырыппен мақала жарияланды.

Материалда ресейлік компаниялар Қазақстанға қайта орнығып, орталық дәліз бойынша сауда ұлғайып келе жатқандығы, мемлекеттің стратегиялық бейімділігі мен жаһандық ниеттестікке бейілділігі жақын арада ірі инвестициялық форумда айқын көрініс табатындығы аталып өтілген.

Форум 2023 жылы 8-9 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен Астанада өтеді. Ол климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы мен энергетикалық қауіпсіздік сынды проблемалардың шешу жолдарын іздеу мақсатында шетелдік үкіметтің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми топтың жоғары лауазымды делегаттары диалог құратын алаңға айналады.  

Әйелдердің бейбіт процестерге қатысуы үшін күресте түбегейлі іс-шаралардың қажеттілігі туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтылды

Бүгінде әйелдердің бейбіт келіссөздер мен постшиеленістік бейбіт әлемді құруға міндетті түрде қатысуына алып келетін, гендерлік себеп салдарынан жасалатын мейірімсіздік үшін жазасыздықты біржола жоюға мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл туралы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Атқарушы директоры Сима Бахус Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды news.un.org.

Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталасын өткізуге бастамашы болғандар  әйелдер әлі күнге бүкіл әлем бойынша қарулы қақтығыстардан бәрінен көп зардап шегетін қоғамның бөлігі болып отырғанын назарға алған. Әлі күнге олардың құқығының бұзылатындығы және олар әлі де маргиналданған күйінде екендігін және бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша шешім қабылдау процестерінен шет қалатындығы атап өтілген.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға