2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы деректеріне сәйкес, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген.
Scopus базасындағы жарияланым белсенділігінің өсу қарқыны бойынша көш бастаған үміткерлер іріктелді.
2021 жылы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.
«Болашақ» түлектері әлемдегі үздік ғалымдардың тізіміне енді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.01.2023 14:22
1642
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңілдетілген автонесие алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды