«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген:
- Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында;
- Қабылдаудың екінші легі - 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
- Үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында;
- Төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.
Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында мыңнан астам көлік тасжолда қалып қойды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды