"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды
ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды
Фото: kazaknews.kz
Фото: kazaknews.kz
11.01.2023 13:28
1274
2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі биыл 27 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана әуежайы 23 рейстің ұшуын кейінге шегерді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды