«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 184 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші тағайындау нәтижесі бойынша 138 адам магистратура, 13 адам докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болады, 33 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.
Биылғы жылы басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды . Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді. Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес.
Биылғы жылы өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті . Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту күтілуде », - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова .