Болашақ кубогына қатысатын қазақстандық хоккейшілер анықталды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
07.11.2024 08:26
725
Қазақстанның шайбалы хоккейден жастар құрамасының Санкт-Петербургте өтетін Болашақ кубогы турниріне қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы шайбалы хоккейден Санкт-Петербургте (Ресей) өтетін Болашақ кубогы турниріне қатысатын құрамды жариялады.
Турнир 7-10 қараша аралығында өтеді. Жарыс аясында біздің хоккейшілер Ресей және Беларусь командаларына қарсы ойын өткізеді.
Команданың құрамы мынадай:
Қақпашылар:
- Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі де — «Снежные Барсы», ЖХЛ)
- Руслан Какенов («Ястребы», Орал)
Қорғаушылар:
- Данила Беляков, Егор Шимин (екеуі де — «Торпедо»,Өскемен)
- Аслан Жүсіпбеков, Роман Большедворский, Глеб Лукавенко, Глеб Решетько, Даниал Шакшакбаев, Мстислав Шипилин (барлығы — «Снежные Барсы», ЖХЛ)
- Диар Манаш («Номад»,Астана)
Шабуылшылар:
- Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асаналі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы — «Снежные Барсы», ЖХЛ)
- Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де — «Сарыарқа», Қарағанды)
- Егор Левковец (ЖХК «Барыс», Астана)
- Семен Симонов («Барыс», Астана).
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Дональд Трампты ұлықтау рәсімі қашан өтетіні анықталды