Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді
Фото: pexels.com 15.04.2025 18:49 183

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы қоғам қажеттіліктері мен президенттің ұсыныстарына сәйкес үнемі жетілдіріліп отырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында бағдарлама талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ғылыми тағылымдамаға қатысушылар үшін жас шектеулері белгіленді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол Ұлттық құрылтай отырысында Президент сынға алған 78 жастағы тағылымдама қатысушысына қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бағдарламада жас шектеулерінің болмағанын, зейнет жасындағы азаматтардың да өтініш бере алатынын айтты.

Алайда Мемлекет басшысының сынынан кейін бұл талап қайта қаралып, тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен бекітілген. Енді ғылыми тағылымдамаға қатысу үшін ер адамдарға – 59 жас, әйелдерге – 57 жас шегі белгіленіп отыр. Бұл өзгеріс ресми түрде күшіне енді және бағдарламаға қойылатын талаптардың нақты әрі әділетті болуына бағытталған қадам ретінде бағаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға