Жаңалықтар

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Мамандардың айтуынша күн батареяларын, бұрғылау мұнараларын, су электр станцияларын жолда қалдыратын энергия көздері бар. Бұл энергия көздеріне әлемнің үлкен компаниялары таласа қаржылай қолдау көрсетіп жатқаны бұған айқын дәлел.
02.03.2016 12:11 9332

Толқын энергетикасына  Microsoft,  Amazon,  Facebook секілді алпауыт компанияларға қарап жақында Apple компаниясы да миллиондаған доллар қаржы құйды. Мамандардың айтуынша күн батареяларын, бұрғылау мұнараларын, су электр станцияларын жолда қалдыратын энергия көздері бар. Бұл энергия көздеріне әлемнің үлкен компаниялары таласа қаржылай қолдау көрсетіп жатқаны бұған айқын дәлел. Сонымен,  мұнайды алмастыратын бұл қандай энергия көздері екен?

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Толқын энергиясы

Теңселген мұхиттың толқындарынан энергия алу ешкімге жаңалық емес. Оған патент алуға сонау 1799 жылы ұсыныс түскен екен.  Дегенмен, арада екі жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана Португалияда толқын электр станциясы салынды. Оның қуат күші небары 2,25 мегаватты құрағанымен мамандар бұл бастаманың болашағы зор екенін айтты.  Осыдан кейін әлемнің ондаған мемелекеті  толқын электр станцияларын сала бастады.  Ғалымдарың болжамы бойынша толқынның энергиясы желге қарағанда жоғары. Болашақта үлкен мұхиттардың жағасында орналасқан мемлекеттер қуат көзін дәл осы толқындардан ала алады.

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Вирустар энергиясы  

Көз алдыңызға елестетіңізші, ауыруды таситын кішкентай вирустар үлкен энергия беруі мүмкін. Көзге көрінбейтін вирустардан қуат алу әдісін АҚШ-тағы Лоуренс атындағы ұлттық зертхананың ғалымдары ойлап тапқан. Модификацияланған М13 вирусы, вирус жұқтырған нысанамен жанасқан уақытта электр зарядын тудырған. Бұл смартфон экранына саусағыңды тигізіп-ақ электр көзін ала аласың деген сөз.

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Биоотын

Ғылыми жаңалықтардың бірі ол – отын бола алатын балдырлар.  Балдырлардың  мұнай мен газға қарағанда қуаты төмен. Дегенмен, бұл адамзат алдында тұрған бірқатар қиындықтарды шешуі мүмкін. Мәселен, Жапон мемлекеті жағажайды балдырлардан тазарту үшін қыруар қаражат жұмсайды.  Ал, бұл ел қазынасын үнемдеудің тағы бір мүмкіндігі болмақ. Балдырларды резервуарға салып ашытады. Ашыған балдырдан бөлінген метанды электр генераторларға жібереді.

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Геотермалдық энергия

Адамдар жерді мұнай мен газ алу үшін ғана бұрғыламайтыны анық. Жер қойнауындағы энергиялар мұнай мен газға үлкен бәсекелестік тудыруы мүмкін. Вулкандардың жанына орналастыратын геотермалдық станциялар Исландия, Жапония, Индонезия секілді мемлекеттерді энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Энергияның бұл көзі мұхиттардан алыс орналасқан мемлекеттерге  таптырмас қуат көзі болмақ.

Болашақта мұнайды алмастыратын 5 энергия көзі

Ғарыштан алынған энергия

Табиғи энергия көздері өте көп болғанымен адамзаттың өз қолымен жасаған құрылғысы қуат алудың барлық түрлерінің алдын орайын деп тұр. Бұл ғалымдардың ойлап тапқан құрылғысы  «ITER» деп аталады. Толығырақ: Халықаралық эксперименталдық термоядорлық реактор.  Бұл реактордың ғарышқа ұшу уақыты 2016 жылдан 2030 жылға шегерілді. Ал 2040 жылға дейін ғарыштан алатын қуат көзі кемінде үш мемелекетті қамтамасыз ете алады деп болжам жасалуда. Термоядорлық реактордың қалай қуат жинайтыны әлі жұмбақ.


Рүстем ӘЛПИ 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға