Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жазира Орақбаева (52 келі) пен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғады.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:
48 кг. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Кармен Гонсалес Ортега (Испания) - 1:4
50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) - Айра Виллегас (Филиппин) - 2:3
52 кг. Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Каелла Мопин (Франция) - 4:1
54 кг. Әнел Сақыш (Қазақстан) - Сирин Шаараби (Италия) - 0:5
63 кг. Аида Әбікеева (Қазақстан) - Сача Хайки (Англия) - 0:5
70 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Чен Ныен Чин (Тайвань) - 0:5
75 кг. Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Херги Басядан (Филиппин) - 0:5
81 кг. Фариза Шолтай (Қазақстан) - Эмбер Мосс-берч (Англия) - 0:5
+81 кг. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Сайра Гарсиа Гарай (Испания) - 5:0
