Жаңалықтар

Бокстан олимпиадалық лицензияға арналған турнир кестесі белгілі болды

Бокстан олимпиадалық лицензияға арналған турнир кестесі белгілі болды
Фото: Olimpic.kz 27.02.2024 02:35 940

Бокстан Италияда 3-12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирдің жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Лицензиялық жарыс ресми түрде 3 наурыз күні басталады.

Жарыс кестесі:

Жарыс Астана уақытымен көрсетілген

3 наурыз

18.00. Әйелдер (60 кг дейін), ерлер (63,5 дейін, 71 кг дейін)

23.00. Ерлер (51 кг дейін)

4 наурыз
15.00. Әйелдер (50 кг дейін, 54 кг дейін, 75 кг дейін)
19.30. Ерлер (57 кг дейін, 80 кг дейін)
00.00. Ерлер (57 кг дейін, 80 кг дейін)

5 наурыз
15.00. Әйелдер (60 кг дейін), ерлер (63,5 кг дейін, 71 кг дейін)
19.30. Ерлер (63,5 кг дейін, 71 кг дейін)
00.00. Ерлер (63,5 кг дейін, 71 кг дейін)

6 наурыз
15.00. Әйелдер (66 кг дейін, 75 кг дейін)
19.30. Әйелдер (66 кг-ға дейін), ерлер (51 кг-ға дейін, 92 кг-ға дейін)
00.00. Ерлер (51 кг дейін, 92 кг дейін)

7 наурыз
15.00. Әйелдер (54 кг дейін, 60 кг дейін)
19.30. Әйелдер (54 кг-ға дейін, 60 кг-ға дейін), ерлер (63,5 кг-ға дейін, 92 кг-ға дейін)
00.00. Ерлер (63,5 кг дейін, 92 кг дейін)

8 наурыз
15.00. Әйелдер (66 кг дейін), ерлер (92 кг дейін)
19.30. Әйелдер (50 кг-ға дейін), ерлер (80 кг-ға дейін)
00.00. Әйелдер (50 кг-ға дейін), ерлер (57 кг-ға дейін).

9 наурыз
15.00. Әйелдер (75 кг дейін), ерлер (71 кг дейін)
19.30. Әйелдер (54 кг-ға дейін, 66 кг-ға дейін), ерлер (63,5 кг-ға дейін, 92 кг-ға дейін)
00.00. Әйелдер (54 кг-ға дейін), ерлер (63,5 кг-ға дейін, 92 кг-ға дейін)

10 наурыз
18.00. Әйелдер (60 кг-ға дейін), ерлер (51 кг-ға дейін, 80 кг-ға дейін)
23.00. Әйелдер (50 кг-ға дейін), ерлер (57 кг-ға дейін, 71 кг-ға дейін)

11 наурыз
18.00. Әйелдер (54 кг-ға дейін, 66 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін), ерлер (63,5 кг-ға дейін, 92 кг-ға дейін)

23.00. Әйелдер (50 кг-ға дейін, 60 кг-ға дейін), ерлер (51 кг-ға дейін, 57 кг-ға дейін, 71 кг-ға дейін, 80 кг-ға дейін).

Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлер арасында 51 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Махмұд Сабырхан, 63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай және 92 келіде Айбек Оралбай таласады. 

Ерлер арасында 28 жолдама сарапқа салынады.

Ал әйелдер арасында 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға