Бокстан ерлер құрамасының жаңа бапкерлері жасақталды
Бокстан ерлер құрамасының жаңа бапкерлері таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерациясының мәліметінше, бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізуде. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.
Қазіргі бапкерлік құрам:
1. Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы
2. Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы
Жаттықтырушылар:
3. Ілияс Оралбеков
4. Нұркен Андасов
5. Азамат Мақажанов
6. Талғатбек Жакпеков
7. Нұржан Насанов
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.
Федерация жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылатынын, жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданатынын атап өтті. Қазіргі уақытта бірқатар шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізілуде. Олардың есімдері жақын арада есімдері белгілі болады.