Бокстан ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
11.06.2024 05:23
851
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация мәліметінше, жоспар бойынша команда кеңейтілген құрамда Анталияда бір апта жаттығу өткізді.
Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады. Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды.
Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл - соның алғашқысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық таеквондошы Люксембургтегі турнирде жеңіске жетті