Бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты басталды
216 былғары қолғап шебері 9 желтоқсанға дейін сынға түспек
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz
03.12.2022 12:25
1322
Бүгін Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясының сайтына сілтеме жасап.
Биыл әр өңірден келген таңдаулы 216 былғары қолғап шебері 9 желтоқсанға дейін сынға түспек.


kazsports.kz
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпионаты осы облыстағы Екібастұз қаласында 1993 жылы ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы Кереку өңірі еліміздегі басты бәсекесін 2-мәрте қабылдады. Арада көп уақыт өтпей шаршы алаң шеберлері мұнда қайта жиналды,
Алдағы күндері республикалық маңызы бар 3 қала мен барлық 17 облыстың командасы күш сынасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бір тәулікте 173 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Келесі жаңалық
«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты