Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Фото: bassport/kz
Фото: bassport/kz
25.01.2023 16:19
1026
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жасмин Қизатова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен жұдырықтасты.
Жекпе-жекте төрешілер есебі – 3:2 болып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
Енді финалда рингке шығатын бір ғана боксшы қызымыз қалды. Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта таиландтық Порниппа Чутимен алтын жүлдені сарапқа салады.
Бұдан бұрын Мөлдір Тойкова (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг) және Дана Дидай (75 кг) қола жүлдеге ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда акушерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан