Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов жартылай финалда жұдырықтасады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
10.05.2023 21:26
778
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық боксшы А рингінде 8-жұпта мексикалық Мигел Анхел Мартинестен басым түсті.
Алғашқы минуттан Дулаттың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде төрешілер бірінші және екінші раундта бірауыздан төрешілер оның жеңгеніне қолдау көрсетті.
Енді Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«ҚазМұнайГаз» кен орындарынан мұнай сатудағы алыпсатарлық туралы ақпаратқа жауап берді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 58 отбасы баспаналы болды