Жаңалықтар

Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді
Фото: коллаж El.kz 21.08.2024 09:45 6076

Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Письма президенту» телеграм арнасында жарияланған ақпаратта 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түскені айтылады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады.

Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға