Боксшы Жанқош Тұраров IBF чемпионы атағын жеңіп алды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров испандық Луис Энрикені нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта титулды жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматыда өткен жекпе-жек 10 раундқа есептелгенімен, жетінші раундта аяқталды.
Осылайша Жанқош кәсіпқойлар арасында 26 жеңісіне жетті. Луис Энрике өз мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады. Жекпе-жек белгілі DAZN платформасы арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар тағы бірнеше қазақстандық өнер көрсетті. Осылайша, Шынарбек Бәтинұлы Адам Умаевты нокаутқа түсірсе, Адлан Селмурзаев грузиялық Лаша Купатадзені мерзімінен бұрын жеңді. Елхан Табынбаев WBC Intercontinental нұсқасы бойынша жекпе-жекте бразилиялық Матеус де Силвадан жеңіліп қалды.
Анджелина Лукас танзаниялық Лулу Кайажды техникалық нокаутпен жеңіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар, ММА боксшысы Арман Әшімов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін тәжірибелі грузин Бухити Татишвилиге қарсы өткізді. Кездесу тең есеппен аяқталды. Сонымен қатар ММА боксшысы Еркебұлан Тоқтар да ирандық Амир Яранимен жекпе-жегінде кәсіпқой дебютін жасады. Қазақстандық қарсыласын техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңді.