Жаңалықтар

Боксшы Валентина Хальзова жеңілісінің себебін түсіндірді

Боксшы Валентина Хальзова жеңілісінің себебін түсіндірді
Фото: ҚР ҰОК 01.08.2024 10:07 530

Бокстан 75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова Olympic.kz сайтына берген сұхбатында алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі. 

Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы.

Бірақ мен  алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым.

Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине, өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін, - деді Хальзова. 

Айта кетелік, Валентина Хальзова панамалық спортшыға есе жіберді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға