Жаңалықтар

Боксшы Талғат Сырымбетов әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Боксшы Талғат Сырымбетов әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/drs_kz 03.05.2023 20:35 860

Боксшы Талғат Сырымбетов әлем чемпионатында екінші кездесуіндегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадым. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Жекпе-жек аяқталды. Ұтылғанымды мойындаймын. Қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Алдағы жарыстарға мықты болып ораламын, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

Әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып жатқан боксшымыз 1/16 финалда Азия чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша Талғат әлем чемпионатын аяқтады.

Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті. 

Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға