Жаңалықтар

Боксшы Назым Қызайбай жолдамаға қалай қол жеткізгенін айтты

Боксшы Назым Қызайбай жолдамаға қалай қол жеткізгенін айтты
Фото: boxingkazakhstan 03.06.2024 12:28 1452

Таиландта өткен лицензиялық турнирде отандасымыз Назым Қызайбай 50 келі салмақта жұдырықтасып, Париж олимпиадасының жолдамысына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай шешуші жекпе жекте солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан басым түсті. Кездесу тағдыры соңғы раунда шешілді. 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді.Үшініші раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Бапкерім ең бастысы қобалжымай, асықпай, ойланып істе деді. Соның арқасында жеңіске жеттім. Бірінші раундта қарсыласыма есе жіберсем де, әріқарай жеңілмеуге және ақылмен әрекет етуге тырыстым. Аллаға шүкір, лицензияға қол жеткіздік. Енді әріқарай дайындалып, бастысы олимпиадада жеңіс тұғырынан көріну, – дейді назым Қызайбай. 

Сонымен Назым Қызайбай иеленген жолдама тарихи нәтижеге ретінде тіркелді. Қазақстан әйелдер боксында алғаш рет олимпиада жолдамасының саны үшеу. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға