Боксшы Назым Қызайбай қарсыласынан жеңіліп қалды
Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтуде
Фото: instagram.com/drs_kz/
Фото: instagram.com/drs_kz/
19.03.2023 20:07
1243
Бокстан əлем чемпионатының 4-жарыс күні Ұлттық құрама үшін сəтсіз басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Команданың ұзақ жылдан бергі көшбасшысы, 2 дүркін əлем чемпионы Назым Қызайбай Делидегі алғашқы кездесуде жеңіліп қалды. Ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 50 кг дейін салмақта вьетнамдық Тхи Там Нгуеннің мықты екенін мойындауға мəжбүр болды.
Жекпе-жек тартысты өтіп, 2 боксшы көп соққы жасаған. Бірақ төрешілер жеңісті Вьетнам боксшысына берді.
Бөлісу:
