Боксшы Карина Ибрагимова Олимпиаданың ширек финалына өте алмады

Фото: t.me/olympickz
Фото: t.me/olympickz
02.08.2024 23:52
679
Бокстан қыздар арасындағы Ұлттық құрама спортшысы Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 1/8 финалда Ашлиян Лозада Моттаға (Пуэрто-Рико) есе жіберіп, ширек финалға өте алмады.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына өткені туралы жаздық.
3 тамыз сағат 00.20-да Ұлттық құраманың тағы бір боксшысы Сәкен Бибосынов Өзбекстан елінің намысын қорғайтын Хасанбой Дусматовпен сынға түседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды