Жаңалықтар

Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында топ жарды

Боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.03.2025 22:02 146
Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
50 келіде сынға түскен отандасымызы финалда қытайлық Меи Худан басым түстін. Осылайша Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші спортшымыз чемпион атанып отыр. 

Қазақстандық боксшы бұл сында кездесуді толықтай өз бақылауына алып, 5:0 нәтижесімен алға шықты.
 
Естеріңізде болса, Алуа Балқыбеова 2022 жылы Түркияда өткен біріншілікке күміс жүлдегер атанса, 2023 жылы Үндістанда қола медальға ие болған еді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға