Боксшы Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға оралатын күн анықталды

Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official
Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official
21.08.2023 13:43
996
«Suleimen Promotions» боксшысы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) 26 тамыз күні шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның қарсыласы – Никарагу елінің боксшысы Уйстон Кампос (33-11-6, 19 КО). Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айқас АҚШ-тың Талсе қаласында өтеді. Ал кештің көрсетілімі ЕSPN арнасында болады.
Жерлесіміздің айқасы аса ауыр салмақтағы американдық боксшы Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) мен украиналық Андрей Руденко (35-6, 21 КО) арасындағы кездесудің андеркардында ұйымдастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде кітап оқитындардың қатары көбейген